АҚШ-та торнадодан 20-дан аса адам жараланды

АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо соғып, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 20-дан аса тұрғын жарақат алды. Алапат құйыннан әсіресе Луэн мекені қатты зардап шекті. Ұйытқып соққан дүлей жел көптеген үйдің тас талқанын шығарып, ойрандап кетті. Бірқатар өңірде ондаған мың ғимарат электр энерегиясынан ажырап, жарықсыз қалған. Аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.