Өзбекстанда құмды дауыл соқты
Өзбекстанның көп аумағында құмды дауыл соғып, 40 мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Табиғи құбылыс көрші елдің Бухар, Навои, Самарқанд және Джизак облыстарында болды. Қатты соққан желден құм мен шаң-тозаң көкке көтеріліп, айнала көрінбей кеткен. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Осы елдің метерологиялық қызметі алдағы күндері тағы жел соғады деп ескертіп отыр.