Грекияда мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады
Грекия жағажайында кеме батып, 80-нен астам мигрант көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қаза болғандар бұдан да көп болуы мүмкін. БҰҰ-ның дерегіне сүйенсек, кемеде 750-ге жуық босқын болған. Қазір олардың 500-ден астамы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, кемеде Пәкістан азаматтары көп болған. Әзірге 104 адам құтқырылған.
Пәкістанда осы іске қатысы бар 14 адам жауапқа тартылмақ. Оларға адам саудасымен айналысты деген айып тағылуы мүмкін. Босқындар кемесі Түркиядан Еуропаға бағыт алғаны белгілі. Кемеде сондай-ақ Мысыр, Сирия және Ауғанстан елдерінің азаматтары да болған.