БҰҰ Израиль жоспарына алаңдаушылық білдірді
БҰҰ Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауында жаңа қоныстар салу туралы жоспарына алаңдаушылық білдірді.
Халықаралық ұйым бұл әрекеттің заңсыз екенін айтады. Және аймақта бейбітшілік орнатуға кедергі келтіріп, ахуалды шиеленістіруі мүмкін деп ескертіп отыр. Жақында Израиль үкіметі Иордан өзенінің Батыс жағалауында 4,5 мыңнан аса үй салуға ниетті екенін жариялады. Мәліметке қарағанда қазір аймақта 700 мыңдай еврей тұрады.
Фархан Хак, БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі:
- БҰҰ Бас хатшысы осы мәселеге қатысты әлемнің бірқатар елінің басшысымен келіссөз өткізді. Ұйым жетекшісі осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыруға ниетті. Себебі, мемлекеттер халықаралық құқықты сақтауы тиіс.