Францияда экологтар наразылық шарасын өткізді
Экологиялық ұйым белсенділері Парижде наразылық шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар ауаны ластайтын отын өндірушілерді қаржыландыруды тоқтатуға шақырды.
Шеру Парижде өтетін халықаралық саммит қарсаңында ұйымдастырылды. Бұл жиында мемлекет басшылары ғаламдық жылыну мен кедейлікті азайту мәселелерін талқыға салады.