Венгрияда әскери тікұшақ құлады

Венгрияда әскери тікұшақ құлады

Хорватияда венгриялық әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 2 экипаж мүшесі қаза тапты.

Үшіншісі ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қазір оны іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-батысында НАТО Задар қаласының маңында Хорватия, Венгрия, Болгария мен Словенияның экипаж топтарының әскери-оқу жаттығуын өткізіп жатқан кезде болған. Жергілікті ақпарат құралдары тікұшақ шатқалдағы арқанды жолға соғылуы мүмкін деп болжайды.