Пентагонның құпия құжаттарын таратқан күдікті кінәсін мойындамады

Пентагонның құпия құжаттарын таратты деген күдікке ілінген айыпталушы сотта кінәсін мойындаған жоқ.

31 жастағы сарбаз Джек Тейшейраға құпия құжатты ұрлап алды, рұқсатсыз сақтады және таратты деген сияқты жалпы 6 айып тағылған. Ол сәуірде қамауға алынған болатын. Кінәсі түбінде дәлелденсе 60 жылға сотталуы мүмкін. Айыпталушы астыртын онлайн-топқа жетекшілік еткен. Құпия құжаттардың арасында Украина мен Ресей әскерінің әлсіз және күшті тұстарына берілген баға, сондай-ақ АҚШ-тың одақтастары Израиль, Оңтүстік Корея мен Түркия туралы мәліметтер бар. Онлайн-чатта 30 адам отырған.