ДДСҰ: Әлемде вирустық аурулар өршуі мүмкін

2023-2024 жылдары әлемде вирустық аурулар өршуі мүмкін.

Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы мәлімдеді. Денге безгегі, “зика” вирусы және тағы басқа қауіпті індеттер кең таралуы ықтимал. Агенттік басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустің мәлімдеуінше, бұған Эль-Ниньо - табиғи климаттық құбылыс себеп болып отыр. Ол - климаттың өзгеруінен жауын-шашынның көп түсуіне түрткі болатын циклон. Қазіргі таңда Перуде денге безгегі ушығып тұр. Елде инфекциядан көз жұмған адам саны рекордттық көрсеткішке жетті. Өткен аптада вирусты 146 мың адам жұқтырып, 248 тұрғын опат болған. Эпидемиялық ахуал Аргентинада да нашар. Елде жыл басынан сәуірге дейін 41 мың жағдай тіркелген. Боливияда да мыңдаған адам індет жұқтырыпты.