Титаникті көруге шыққан туристердің сүңгуір аппаратын әлі іздеп жатыр
Атлант мұхитында жоғалып кеткен суға сүңгуші аппаратта оттегі таусылуға шақ.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандар осылай деп отыр. Бұған дейін апат ауданында су астынан естілген дыбыстар қайдан шыққаны әлі анықталмаған. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде Атлант мұхитында өткен ғасырда суға батып кеткен Титаникті көру үшін шыққан "Титан" су аппараты жоғалып кетті. Оның ішінде экипаж мүшесімен бірге санағанда 5 саяхатшы болған.
Джейми Фредерик, жағалау күзеті қызметінің өкілі:
- Біз бұл дыбыстардың қайдан шығып жатқанын әлі білмейміз. Әзірге құтқару жұмыстары тек іздестірумен шектеліп отыр. Аппараттағы адамдарды табу мүмкіндігі азайып барады.
Майкл Гиллен, ғалым:
- "Титан" апат кезінде өздігінен су бетіне бірден қалқып шығатындай етіп жасалған. Бірақ бұлай болған жоқ. Аппарат сапарға аттанған соң 1 сағат 45 минуттан кейін байланыс үзілді. Яғни олар мұхит түбіне жетпеген. Ол үшін 2-3 сағаттай уақыт керек.