Техаста дауылдан 90 мың тұрғын жарықсыз қалды
АҚШ-тың Техас штатында бірнеше рет дауыл соғып, бұршақ жауып, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
9 тұрғын жарақат алды. Табиғат апатына байланысты штаттың 16 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Дүлей желден, әсіресе Матадор қаласы қатты зардап шеккен. Харис округінде 90 мыңнан аса адам жарықсыз қалды. Қазір аймақта апаттың салдарымен күрес жүріп жатыр.