Әлемде диабетпен ауыратындар саны артуы мүмкін
2050 жылға таман әлемде диабетпен ауыратын ересек адамдардың саны 1 млрд 300 млн-ға жетуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Британиялық ғалымдар осындай болжам жасап отыр. Зерттеушілер адамдардың дертке шалдығу себебінің бірі әлеуметтік теңсіздік пен нәсілшілдік дейді. Кедейшіліктен адамдардың қажет дәрі-дәрмекті сатып алу мүмкіндігі де төмен болады.
БҰҰ дерегіне сүйенсек, 2050 жылы жер бетіндегі халық саны 10 млрд-қа жуықтайды деп күтіліп отыр. Ал бұл дегеніміз дүниежүзінде әрбір 8-ші тұрғын диабетке шалдығуы мүмкін, - дейді мамандар.