Еуроаймақ экономикасының өсімі күрт тежелді

Еуроаймақ экономикасындағы өсім маусым айында күрт тежелді.

Әсіресе 20 елдегі өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіші төмендеген.  Eurostat агенттігі бұл елдердің жалпы ішкі өнімі бірнеше ай қатарынан қысқарады деген болжам жасап отыр. Қазір аймақтағы инфляция Еуропалық орталық банк белгілеген 2 пайыздық көрсеткіштен әлдеқайда асып кетті. Оны тоқтату үшін аталмыш банк пайыздық мөлшерлемені көтере бермек. Алайда мұндай өзгерістер Франция мен Германияның экономикасына одан сайын кері әсерін тигізеді.