Филиппин билігі құлдыққа түскен 2700-ден астам адамды құтқарды

Киберқылмыстармен айналысқан топқа қарсы операция өткізген тәртіп сақшылары оларды Манила қаласының шетіндегі бір ғимараттан тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, құлдыққа жүргендердің арасында жергілікті тұрғындармен қатар Қытай, Индонезия сияқты бірнеше мемлекеттің азаматтары бар. Қылмыстық топ оларды алаяқтықпен айналысатын сайттарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін шетелдіктер өз елдеріне қайтарылады.