Филиппиндік экологтар мен балықшылар радиоактивті суды мұхитқа төгуге қарсы

Филиппинде экологтар мен балықшылар «Фукусима-1» атом станциясынан радиоактивті суды мұхитқа төгуге қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Жапония үкіметін оны заласыздандырудың өзге қауіпсіз амалын табуға үндеді. Радиоактивті су Филиппинге де жетіп, жергілікті өзен-көлдерді ластауы мүмкін. 

Айта кеткен жөн, 2011 жылы алапат жер сілкінісі мен цунами салдарынан Фукусиманың суыту жүйелері қираған еді. Апаттан кейін ондағы резервуарларда 1,5 миллион тоннаға жуық радиоактивті су жиналып қалған.  Бұл су реакторларды салқындату үшін қолданылған. Мамандар суды мұхитқа ағызбас бұрын арнайы тазартудан өтетінін айтады. Алайда бұған  Филиппинмен қатар Қытай, Оңтүстік Корея мен Тынық мұхиттағы мемлекеттер қарсы.

Пабло Росалес, Филиппин балықшылар қауымдастығының президенті:

- Радиокативті суды залалсыздандырудың өзге жолын табуы керек. Мұхитқа ағызуға болмайды, өйткені онда күшті толқындар болады. Балықты мұхиттың өзге бөлігіне көшірте алмаймыз. Ал бұл – адамдардың азығы әрі күнкөрісі.