Швецияда Құран кітабы тағы өртелді
Швецияда Құран Кәрім тағы өртелді.
Бұл жолы қасиетті кітапты «оңшылдар» жетекшісі емес, Ирак тумасы, 37 жастағы босқын жағып жіберді. Ер адам бірнеше апта бұрын полицияға қарсылық шарасын ұйымдастыратынын ескерткен. Тұрғындар мұндай арандатуға жол берілмеу керек деп, полицияны айыптап отыр. Акцияны ұйымдастырушы бұл қадамға жеке себептерімен барғанын, сондай-ақ сөз бостандығын орнатқысы келетінін айтты. Ол Швецияның имиджіне кір келтіргісі келмегенін жеткізді.
Швецияның НАТО мүшелігіне өтуі әлі шешілмей жатыр. Бұған Түркия қарсы. Себебі қаңтарда даниялық Расмус Палудан Стокгольмдегі Түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп, түріктердің қарсылығын күшейтті.