АҚШ-та әуе рейстері жаппай кейінге шегеріліп жатыр

FlightAware деректері бойынша, елде 3 мыңға жуық ұшақтың көкке көтерілу мерзімі кейінге қалдырылып, 800-дей рейс мүлдем тоқтатылған.

Бұған дүлей дауылдар себеп болды. Шілденің 4-і тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында халық әбден әбігерге түсті. Қазір Нью-Йорктен әуемен шығу қиындап тұр. Вашингтон мен Балтиморға адамдар жете алмай жатыр. Солтүстік Каролина штаты әуежайының да жұмыс режимі бұзылып, халық ұзын-сонар кезекте  тұруға мәжбүр. Бұл пандемиядан кейін енді ес жиған әуекомпанияларына ауыр соққы болды.

Айта кетейік, жалпы АҚШ-та күніне орта есеппен 2,6 млн адам әуемен қатынайды екен.