Америкада интернеттегі буллинг күшейіп барады
Америка халқының жартысынан көбі интернеттегі буллингке тап болып жатыр.
Бұл туралы құқық қорғаушылар қауымдастығы мәлімдеді. Былтыр жүргізілген ADL сауалнамасы нәтижесінде 52%-тен астам адам ғаламторда буллингке ұшырағанын айтқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 40%-ті көрсеткен. Биыл бұл сан тағы өсейін деп тұр, - дейді мамандар.
Америкалықтардың арасында әлеуметтік желідегі қатыгездікке, әсіресе әлжуаз топтар, қара нәсілділер, мұсылмандар қауымы ұшырайды екен.
Яэль Эйзенштадт, ADL қауымдастығының вице-президенті:
- Біз мұндай сауалнамаларды 2019 жылдан бері дәстүрлі түрде жүргізіп келеміз. Былтыр және биылғы нәтижелер өте қорқынышты. Ересектердің арасында жартысынан көп адам интернетте қудалауға ұшырайды екен. Жасөспірімдер арасында да проблема өзекті. Бұл – расымен алаңдайтын жағдай.