Гонконгте Фукусумидан теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салуы мүмкін
Гонконг Фукусима өңірінен балық пен теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салуы мүмкін.
Егер Жапония радиоактивті суды мұхитқа ағызса, осындай шектеу салынады. Жалпы Гонконг теңіз өнімдерінің 15 проценті Жапониядан импорттайды. Алайда жергілікті билік өкілдері тапшылық болмайтынына сендірді. Қажет болса, оны Испания, Франция, Оңтүстік Африка мен Австралияда жеткізе алады. 2011-ші жылы алапат жер сілкінісі мен цунами салдарынан Фукусимадағы атом электр стансаның суыту жүйелері қираған еді. Апаттан кейін ондағы резервуарларда бір миллион тоннаға жуық радиоактивті су жиналып қалған. Ол реакторларды салқындату үшін қолданылған. Мамандар суды мұхитқа ағызбас бұрын арнайы тазартудан өтетінін айтады.