Калифорния штатының оңтүстігінде маса қаптап кетті
Калифорния штатының оңтүстігінде толаусыз жауған жаңбырдың салдарынан маса қаптап кетті.
Жергілікті билік балаңқұрттарын құрту үшін химиялық препараттарды қолданып жатыр.
Оны дрондардан көлдер мен су қоймаларының үстінен себеді. Жұртқа маза бермейтін масалар сонымен қатар көптеген қауіпті ауруларды таратады. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері осы аптада Флорида және Техас штаттарында 5 адам безгек жұқтырғанын хабарлады. Бұл - Америка Құрама Штаттарында соңғы 20 жылда болмаған оқиға.