Лондонның апелляциялық соты мигранттарды Руандаға жіберу жоспарын заңсыз деп таныды
Өйткені Африкадағы бұл ел босқындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды деп санаған.
Арнайы әзірленген заң жобасына сәйкес Ла-Манш бұғазы арқылы корольдік аумағына қайықпен жеткен мигранттарды Угандағы жіберу көзделген еді. Келісім бойынша Лондон бұл елге қаражат бөлетін болды. Билік өкілдерінің бұл мәселені басты назарға алуының себебі соңғы кезде заңсыз мигранттар саны күрт көбейді. Тек былтырдың өзінде Ұлыбританияға қайықпен 45 мыңнан астам босқын келген.