Швецияның НАТО-ға кіруі қиындады
Құранды өртеуге рұқсат берген Швецияның НАТО-ға кіруі қиындайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ресми Стокгольм бұл әрекетке шұғыл түрде араласып, күдіктілерді жауапқа тартуы тиіс. Түркия вице-президенті Жевдет Йылмаз осылай деп мәлімдеді. Ал Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан «Мұндай қатыгездікке көз жұмып қарау қылмысқа серіктес болумен пара-пар деді. Бұл оқиға Түркия мен Швеция арасындағы онсыз да шиеленіскен қарым-қатынастың өршуіне әкелді.
Жевдет Йылмаз, Түркия вице-президенті:
- Бұл арандатушылық жүздеген миллион мұсылмандарға қарсы бағытталды. Діндер арасында алауыздық туғызатын пиғыл болды. Біз Швеция билігінен осыған қатысы бар адамдарды шұғыл түрде жауапқа тартуын күтеміз.