Испанияда 6,5 тонна есірткі тәркіленді

Испанияда аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер жүк көлігіне банан тиеп, оның астына 6,5 тонна кокаин жасырған. Жергілікті полицейлердің айтуынша, арнайы операция кезінде 13 адам қолға түскен. Қазір олардың бәрі қамауда. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

Айта кетейік, тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 223 миллион еуроға бағаланып отыр.