Илон Маск Твиттердегі жазба санына шектеу қойды
Твиттер иесі Илон Маск әлеуметтік желіде оқуға болатын жазбалар санына шектеу қойды.
Бұл туралы ол өзінің парақшасында мәлімдеді. Яғни верификациядан өтпеген қолданушылар енді тәулігіне 1 мың жазба ғана оқи алады. Ал тексеруден өткендер 10 мың жарияланымды көруге мүмкіндігі бар. Өз кезегінде әлеуметтік желіге жаңадан тіркелген пайдаланушыларға күніне 500 жазба ғана көрінеді. Бірақ бұл уақытша шектеу. Илон Масктың айтуынша, мұндай шешім деректерді жинау мен жүйені манипуляциялау әрекеттеріне байланысты қабылданған.