Оңтүстік Кореяға баратын туристерге жеңілдіктер жасала бастады
Енді 17 жасқа дейінгі және 65-тен асқан саяхатшылар үшін елге кіруге электронды рұқсат алудың қажеті жоқ.
Кореяға визасыз кіре алатын елдердің азаматтарына да жеңілдіктер қарастырылған. Мұндай шетелдік туристердің құжаттары елде 3 жылға дейін тұрақтауға мүмкіндік береді. Билік осылайша елге келетін туристер қатарын арттырмақшы. Жоспар бойынша, Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай жылына 30 миллион шетелдік турист тартуды көздеп отыр.