Палестинада әскери операция жүріп жатыр

Израиль Палестинаның Дженин қаласында лаңкестік әрекеттерге қарсы операция жүргізіп жатыр.

Жергілікті билік операцияның Иордан өзенінің батыс жағажайында болып жатқанын хабарлады. Соңғы деректер бойынша, осы жерде терроршылар ең көп шоғарланады екен. Қару-жарақтары да осында көрінеді. Әскери операция ұзақ созылуы мүмкін дейді мамандар. Палестинаның ақпарат көздері Израиль шабуылынан Дженин қаласында кем дегенде 4 адам қаза тапқанын мәлім етті. Шаһар тұрғындарына үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге орналасу туралы хабарландыру жасалған.