Францияда марқұмның әжесі қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Францияда полицияның қолынан қаза тапқан жасөспірімнің әжесі қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.
Қарт кісінің айтуынша, оның немересінің өлімі зорлық-зомбылыққа бой берген халық үшін сылтау болып отыр. Кейуана мектептер мен қоғамдық автобустарда тәртіпсіздіктер жасаумауды сұрады. Себебі ол жерлерде жас балалар көп. Кейуананың пікірінше, айыптылар сот алдында жауап беруі тиіс. Естеріңізге салайық, жаппай қақтығыстарға Нантер қаласындағы 17 жастағы жасөпірімнің өлімі себеп болды. Соңғы тәулікте жанжалдардан 700 адам қамауға алынды. Олардың көбі кәмелеттік жасқа толмағандар. Ереуілдер басталғалы 80-ге жуық полиция қызметкері зардап шекті. 10-нан астам сауда орталығы тоналып, жүздеген дүкен мен кеңсе қираған. Халықты басуға 45 мыңдай құқық қорғаушы жұмылдырылды.