Филиппин аралдарында жанартау оянып, 30 мың адам көшірілді

Ал Филиппин аралдарында Майон жанартауы оянып, 30 мың адам эвакуацияланды.

Қазір қауіп төнген аймақтардан тұрғындарды көшіруге әскерилер көмектесіп жатыр. Бұған Албай провинциясындағы мыңдаған адам жұмылдырылған. Жанартаудан 8 шақырым қашықтықта орналасқан барлық үйдің тұрғындары эвакуациялануда. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көшіру 3 күнге созылуы мүмкін.

Айта кету керек, жанартау маусымның 11-і күні атқылай бастады. Апаттық жағдай енді басталғанда 14 мыңға жуық адам баспаналарын тастап кетуге  мәжбүр болды. Қазіргі таңда Майон Филиппиндегі ең белсенді жанартау болып есептеледі.