Германия астанасында мұражайларды тегін аралап көруге болады

Берлинде әр айдың бірінші жексенбісінде үнемі осындай шара ұйымдастырылып тұрады.

Жай күндері билет құны 12 мен 18 еуро аралығында. Шаһарда 70-тен астам мәдени тарихи орын осындай режимде жұмыс істейді. "Мұражайлар жексенбісі" жобасы алғаш рет көрермендерді тарту үшін коронавирус пандемиясынан кейін қолға алынды.

Блиц:

- Мұражайды тегін кіріп көру - өте керемет идея. Өйткені мәдениет кез келген қоғам үшін маңызды. Мен бос уақытымда қазіргі заман өнерін зерттеумен айналысқанды ұнатамын. Біз тағы екі үлкен мұражайды көрмекпіз. Бұған бір күніміз кететін шығар.

- Мен мұражай сарапшысымын. Берлин мұражайларын жиі келіп көремін. Меніңше бұл шара туристер мен жастар үшін керемет. Өзім Түркияданмын. Бізде де осындай шаралар ұйымдыстырылып тұрады.