Google Францияға €2 млн айып төлейді
Google Франция үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау кодексінің кейбір ережелерін сақтамағаны үшін 2 миллион еуро айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құқық бұзушылықтар Google Play дүкенінде анықталды. Ақау іздеу жүйесінен табылды. Мәселен, туристерді қонақ үйге орналастыруға арналған қызмет түрлерінің нақты бағасы көрсетілмеген. Француз ведомствосы корпорацияны тексеруді 2021 жылы бастаған еді. Содан бері Google бірқатар кемшіліктерді жойып үлгерді.