НАТО Бас хатшысының өкілеттілігі ұзартылды
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг өз лауазымында тағы 1 жыл жұмыс істейтін болды.
Ұйымға мүше елдердің өкілдері Брюссельде бас қосып, осындай шешім қабылдады. Енді келесі аптада Вильнюсте өтетін саммитте шешім ресми түрде бекітіледі.
Айта кетейік, 64 жастағы Йенс Столтенберг Солтүстік Альянсты 2014 жылдан бері басқарып келеді.