Аргентинада метро қызметкерлері ереуілдетті
Буэнос-Айресте адамдар жұмысқа шықпай компания басшылығына наразылықтарын білдірді.
Халық шетелден әкелінген вагондарға қарсы. Себебі техниканың құрамында улы заттар бары анықталған. Ал бұл күні-түні вагонда еңбек етіп жүрген адамдардың денсаулығына залал келтіреді. Олардың айтуынша, соңғы үш жылда 2500 жұмысшы ауруханаға түскен. 90-ға жуығы пневманияға душар болып, жетеуі көз жұмған. Қызметкерлер жұмыс жағдайын жақсартып, қауіпті вагондарды қолданыстан алып тастауды талап етуде. Қазір шаһарда метро қызметі тоқтап, тұрғындар діттеген жеріне жете алмай, автобусқа ұзын сонар кезектер пайда болды.