Нидерландта ұялы телефонға тыйым салынады

Нидерланд оқушыларына алдағы жылдан бастап ұялы телефон, планшет және смарт-сағаттарды мектепте ұстауға тыйым салынбақ.

Елдің Білім министрлігінің мәліметі бойынша, гаджеттер баланың ынтасын бұзып, оқу үлгірімін нашарлатады. Құрылғыларға тек цифрлық дағдыны қалыптастыру мақсатында ғана рұқсат берілуі мүмкін.