АҚШ-та Тәуелсіздік мерекесі кезінде атыс-шабыс көбейді
Елде осы күні тіркелген 3 атыс салдарынан 9 адам көз жұмған.
38 тұрғын зардап шекті. Құрбан болғандардың қатарында балалар да бар. Әзірге тойды ойран қылған оқиғаларға не себеп болғаны анықталып жатыр. Жалпы АҚШ-та қару-жарақтың еркін қоланыста болуы - үлкен мәселе. Үкіметте демократтар қаруды шектеу керек деп дабыл қақса, республикашылдар бұған қатысты адам құқығы шектелмеуі тиіс дейді. Ресми деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда жаппай атыс құрбандарының саны айтарлықтай өсіп отыр. Биылдың өзінде 340 шақты қайғылы жағдай тіркелген. Ең сорақысы - атыстың көбі білім ордаларында болады екен. Президент Джо Байден қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тез арада қажетті шаралар қолға алынуы тиіс деді.