Қытай қалаларында ауа температурасы 40 градустан асты

Бейжің билігі аптап ыстық салдарынан қауіптің қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің бірнеше қаласында ауа температурасы 40 градустан асты. Әсіресе ел астанасымен Хэбей, Хэнань провинцияларында күннің көзі күйіп тұр. Сол үшін далада жүруге, жұмыс істеуге шектеулер енгізілді. Жергілікті билік өрт жиілеуі мүмкін деп, оның алдын алу үшін қамданып жатыр. Алдағы 3 тәулікте сынап бағанасы төмен түспейді, - дейді ауа райын болжаушы мамандар.