БҰҰ роботтар қызметін қолдануға көшті
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық мақсаттарын орындауға енді роботтар көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың кейбірі адамнан аумайды.
Женевада ұйымның технологиялық агенттігі конференция ұйымдастырып, роботтар әлеуетін паш етті. Оның қатарында қариялармен ойын ойнай алатын, адамдардың эмоциясын қайталайтын, есімдерді есіне сақтайтын түрлі роботтар бар. Олар 7 шілде күні әлемде алғаш рет өткелі отырған «Адам-робот» конференциясында толығымен шығады.
Айта кетерлігі, БҰҰ бұған дейін аштыққа жақын аймақтарды анықтау үшін жасанды интеллектті қолданған еді. Ал роботтар ұйымның 17 тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру үшін көмектеседі.