Қытайда қатты нөсер салдарынан көпір қирады

Қытайда қатты нөсер салдарынан көпір қирады

Қытайдың Чунцин аймағында ақ нөсерден теміржол көпірі қирады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан рейстер кейінге қалдырылып, ұлттық магистраль жабылды.

Еске салайық, бірнеше тәулік бойы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан  15 адам опат болды, тағы 4 тұрғын із-түзсіз жоғалды. 30 млн халқы бар бұл аймақта төтенше жағдай жарияланды. Ал елдің солтүстігінде ауа температурасы 40 градустан асып, аптап ыстық орнады.