Тель-Авивте халық ереуілге шықты
Тель-Авивте тағы ереуіл.
Бұл жолы халық полиция басшысы Әли Эшедтің отставкаға кетуіне наразы. Себебі арнайы пресс-конференцияда Әли мырза Үкімет тарапынан демонстранттарды аямау туралы бұйрық келгенін жариялады. Шенеуніктер қысымына ұшыраған ол қызметінен бас тартқан. Бұны естіген халық негізгі көшені жауып, әр жерге от қойып, наразылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Израильде сот реформасына қарсы наразылық қаңтар айынан бастап жалғасып келеді. Ақпанның соңында заң жобасын Парламент мақұлдады. Бірақ наурызда премьер-министр Нетаньяху жаппай толқулар аясында оны одан әрі қарауды кейінге қалдырды.