АҚШ-та көлік тиелген кеме өртінен адамдар қаза тапты

АҚШ-тың Нью-Джерси штатында 1200 көлік тиеген кеме отқа оранды.

Тілсіз жаумен күрес кезінде 2 өрт сөндіруші ажал құшты. Тағы 5-уі жараланған. Оларға иіс тиіп, денесін күйік шалған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Кемеде 28 экипаж мүшесі болған. Олар қауіпті, тыйым салынған зат тасымалдамағанын айтады.