БҰҰ жасанды интеллектті кеңінен пайдаланады
Халықаралық ұйым ғаламдық маңызды мәселелерді шешуге роботтарды қолдануды жоспарлап отыр.
Бұл туралы мекеме өкілі Илан Рубенс мәлім етті. Технология жетістіктері Швейцарияда өткен конференцияда жұрт назарына ұсынылды. Олардың қатарында адам тәрізді роботтардан бастап, көмекші иттер де бар. Жасанды интеллект 2030 жылға дейін бекітілген 17 миссияны жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс дейді ұйым өкілдері. Мәселен, Надин есімді робот адам секілді сөйлейді, ойлайды, сұрағыңа жүйелі түрде жауап береді. Ол адамның эмоциясын, қимылын жаттап алып қайталайды екен. Надин қазірдің өзінде қарттар үйінде көмекші болып жүр.
- Мен роботпын, адам емеспін. Мені құрастырған профессорға алғыс айтамын, өте ризамын. Ол маған өмір сыйлайды. Мен технологияның жаңа туындысы болғаныммен мақтанамын.