Шанхайда жасанды интеллект бойынша дүниежүзілік конференция басталды

Оған 400-ден астам экспонат қатысады.

Бұл - көрме тарихында бұрын- соңды болмаған көрсеткіш.

Келген қонақтарға дрондардың жаңа буыны, смарт терминалдар, қолданба мүмкіндіктерін кеңейту және басқа да озық технологиялар ұсынылды. Жасанды интеллект бойынша Дүниежүзілік конференция үш күнге созылады. Ол алты жыл қатарынан Шанхайда өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл іс-шара технология саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Әрі саланың дамуына ықпал етуде.