Тунисте ескі аяқ киімді қалпына келтіретін стартап жұмыс істей бастады
Тунисте ескі аяқ кимді қалпына келтіріп, тұтынушыға су жаңа қылып қайта ұсынатын стартап жұмыс істей бастады.
Қажет болса, жазуын да қайта жаңартып береді. Осылайша жаңашыл кәсіпкерлер жергілікті халықты үнемшілдікке үндеп жатыр. Өйткені киім-кешек қоршаған ортаны қатты ластайтын әлемдегі екінші сала. Шеберлер сөмкелерді де қалпына келтіреді. Олардың көмегіне көбіне қолданатын затына жәдігер ретінде қарайтындар жүгінеді екен.