АҚШ синтетикалық есірткіге қарсы халықаралық коалиция құруды ұсынды

Бұл туралы «Жаһандық Синтетикалық есірткіге қарсы күрес коалициясы» шарасында Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді.

Ол Америкадағы 18 бен 49 жас аралығындағы адамдардың өліміне негізгі себеп фентанил екені айтады. Билинкен трансұлттық қылмыстық топтар АҚШ нарығын жаулап, енді әлемнің өзге елдеріне кіре бастағанын тілге тиек етті.

60-қа жуық мемлекеттің министрлері мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысқан шарада Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де сөз сөйледі. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен синтетикалық есірткімен күресу үшін кешенді жоспар қабылданғанын айтты. Көрші елдермен және халықаралық ұйымдармен осы мәселеде өзара ықпалдасу туралы хабардар етті.

Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

- Бір ел есірткі жасайтын химиялық заттарды қатаң түрде шектесе, саудагерлер оны басқа жерден сатып алады. Бір мемлекет транзиттік жолдарын кесіп тастаса, есірткі саудагерлері басқа елге тез ауысады. Ешқандай Үкімет жалғыз өзі бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан біз осы жаһандық коалицияны құрып жатырмыз.