Мексикадағы мұнай бұрғылау алаңында жарылыс болды
Мексикадағы мұнай өндіру алаңында жарылыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 6 жұмысшы ауыр халде емханаға жеткізілді. Бір қызметкер ұшты-күйлі жоғалып, іздестіріліп жатыр. Платформадан 300-ден аса адам шұғыл қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Апаттың себептері белгісіз. Қазір бұрғылау орнында қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Октавио Ромеро, мұнай компаниясының бас директоры:
- Өрт бұрғылау алаңындағы бір-бірімен байланысып тұрған 2 модуль арасынан шыққан. Бірақ олардың жануына не себеп болғаны белгісіз. Қазір апат болған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр.