Сауда орталығында оқ жаудырған «Техастық атқыш» 900 жылға сотталды

2019 жылы Техастағы сауда орталығында адамдарды атқан жас жігіт 900 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Патрик Крузиусқа осындай үкім шығарды. 24 жастағы жігіт Эль-Пасо қаласындағы сауда орнында 23 кісіні атып тастаған еді. Тағы 20-дан аса адам жараланады. Жергілікті ақпарат құралдары бұл АҚШ тарихындағы ең қанды оқиғаның бірі деп атайды. Сот қылмыскерді барлық 90 айып бойынша кінәлі деп тапты.