Иракта балықтар жаппай қырылып жатыр
Оқиға Майсан провинциясындағы өзеннің бірінде болды.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, жануарлардың өліміне өзен суының таязданып, оттегінің азаюы себеп. Өйткені кейінгі жылдары Ирактың көп аумағын құрғақшылық жайлап, өзен-көлдер тартыла бастады. БҰҰ дерегі бойынша, мемлекет - климаттың өзгеруінен қатты зардап шегіп отыр.
Шьяал Кабаш, балықшы:
- Көрші Иран бізге қарай су жіберуді шектеді. Түркия да осындай қадамға барып, қарапайым адамдар жапа шегіп жатыр. Біз үкіметтен жағдайды жан-жақты саралап, тез арада тығырықтан шығу жолын ойластыруды сұраймыз.