Ердоған Швецияның НАТО-ға мүшелігі туралы мәлімдеме жасады
Түркия үшін ЕуроОдаққа жол ашылса, Швецияға да НАТО-ға кіруге мүмкіндік туады.
Режеп Тайып Ердоған Солтүстікатлантикалық альянс саммиті қарсаңында осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, әскери блокқа мүше кәрі құрлық елдерінің барлығы дерлік бүгінде Еуроодақ құрамында. Тек түркия ғана әлі күнге дейін кіре алмай келеді.
Айта өтейін, түрік мемлекеті 1999 жылдан бері одаққа кіруге үміткер саналады. Ал Швецияның НАТО-ға кіруі қазір Түркия мен Венгрияға байланысты болып тұр. Екі ел тиісті құжатты ратификацияламаған.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
- Алдымен Түркияның Еуроодаққа кіруіне жол ашыңыздар. Содан соң Швецияның НАТО мүшесі атануына мүмкіндік жасаймыз. Мен мұны Байден мырзаға да жеткіздім. Вильнюсте өтетін саммит кезінде осыны айтам.