Канар аралдарында 86 мигрант құтқарылды

Испанияның теңіз күзеті Гран-Канари жағажайына жақын маңда бір қайықтың батып жатқанын байқаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бортта 80 ер адам және 6 әйел бар болғаны анықталды. Құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, адамдарды аман алып шыққан. Биыл Канар аралдарына қаңтар мен маусым аралығында 7 мыңнан астам мигрант келген. Жергілікті билік өкілдері босқындар саны былтырға қарағанда 20%-ке азайғанын айтып отыр.