Исландияда жанартау оянды

Аймақтағы қарқынды сейсмикалық белсенділіктен ел астанасы Рейкьявик қаласына жақын орналасқан Рейкянес түбегіндегі жанартау атқылауы пайда болды, деп хабарлайды елдің метеорологиялық қызметі.

Суреттер мен бейнежазбалардан жарықтан шыққан лава мен түтінді анық байқауға болады.

Аталмыш түбек – елдегі ең белсенді сейсмикалық нүкте. 2021 жылдың наурызында лава субұрқақтары ұзындығы 750 метрге дейін көтеріліп, атқылаған еді.