АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті өршіп тұр

Өңірде бірнеше ғимарат пен көліктер лапылдаған от астында қалған.

Аптап ыстық пен екпінді желдің кесірінен Риверсайд округінде 5 гектар аумақ әп-сәтте күлге айналды. Өрт қалаларға да жақындап қалды. Тілсіз жауды ауыздықтауға өртсөндірушілер мен ауыр техника тартылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.