Грекия экономикасы еңсесін тіктей бастады
Бірнеше жылдық дағдарыстан кейін Грекия экономикасы еңсесін тіктей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Биыл жалпы ішкі өнім кемі 2,5%-ке өседі деген болжам бар. Еуроаймаққа кіретін 20 мемлекеттің көбінде мұндай көрсеткіштер байқалмайды. Аймақ бойынша орташа өсім небәрі 0,5% шамасында. Сарапшылар грек елінде жүргізіліп жатқан реформалар өз жемісін бере бастағанын айтады. Оның үстіне туризмнен де көп пайда түскен. Сарапшылар жыл соңына дейін Эллада елінде инфляция да төмендейтінін болжайды. Ел экономикасындағы басты проблеманың бірі жастар арасындағы жұмыссыздық болатын. Бірақ кейінгі уақыттағы көрсетіштер жаман емес. Қазір оның деңгейі 11% шамасында. Ал алдағы 4 жылда билік реформалардың арқасында 8%-ке дейін төмендетуге ниетті.